$ 543.24  619.89  6.78
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда «пәтер кезегін жылжытып беремін» деген алаяқ ұсталды

Келтірілген шығын сомасы – 14 миллион 95 мың теңге

Таразда «пәтер кезегін жылжытып беремін» деген алаяқ ұсталды

Тараз қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғындардан алаяқтық дерегі бойынша арыз түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шаһардың 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Жәбірленушілер пәтер алу кезегін жылжытып беремін деген алаяққа сеніп, қомақты қаражат берген. Азаматша қала тұрғындарынан қажетті соманы алған соң мүлдем байланысқа шықпай, ақшаны өз қажеттілігіне жаратып отырған.

«Келтірілген шығын сомасы 14 миллион 95 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтап, қолға түсірді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары