Жаңбыр жауып, қатты жел соғады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Azattyq Rýhy

Еліміздің батыс аумағында ыстық ауа райы сақталады

Жаңбыр жауып, қатты жел соғады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер елімізде 9-11 тамыз аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім еткендей, республиканың батыс аумағында ауа райы құрғақ әрі ашық болады.

«Солтүстік антициклонның сілемі республиканың батыс жартысына әсер етеді, сол себептен алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ әрі ашық ауа райы сақталады. Елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне, оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді, бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді», - делінген хабарламада.

Осылайша, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Күн күркірейді, бұршақ жаууы және қатты жел болуы ықтимал.

«Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С», - деп болжайды синоптик мамандар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.