Белгісіз сатып алушы аукционда Петропавл әуежайын сатып алды
Аукцион жеңімпазы бюджетке 2,8 миллиард теңге төлеуі тиіс
Петропавлда жергілікті әуежайды сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша аукцион өтіп, төртінші әрекетте меншік иесі белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Петропавл әуежайын сенімді басқаруға беру туралы шешім 2019 жылы қабылданған болатын. Қызмет көрсетілетін рейстер санының аздығына байланысты кәсіпорында көп жылдық қаржылық қиындықтар туындаған. Сондықтан облыс әкімдігі бюджет есебінен әуежайды дамытуға ниетті емес және жеке капиталдың иелігіне бергенді құп көреді.
Аукцион жеңімпазы бюджетке 2,8 миллиард теңге төлеуі тиіс. Сонымен бірге ол әуежай қызметін 10 жыл бойы сақтауы, 10 жыл ішінде 1,2 миллиард теңге инвестиция салуы қажет.
Шарт бойынша сенімгерлік басқару мерзімі бес жылды құрайды, одан кейін әуежайды қосымша салымдарсыз жеке қолға беруге болады. Бұл ретте кәсіпорынның бағалау құны 5,6 миллиард теңгеге тең.
"Тек екі рейс (Нұр-сұлтан, Алматы) болған кезде әуе айлағында бір нәрсе өзгере ме, жоқ па, бұл риторикалық мәселе. Ал оларды ұлғайту үшін мемлекеттік органдардың араласуы қажет. Сатып алушының нақты кім екені әлі белгісіз", - деп жазады басылым.