$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда Ұлттық домбыра күні кең ауқымда аталып өтті

ШҚО-да Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шаралар бір аптаға жалғасады

Шығыс Қазақстанда Ұлттық домбыра күні кең ауқымда аталып өтті

Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында домбыра күніне арналған бұқаралық іс-шаралар өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Еліміздің шығысында бір апта бойы шығармашылық ұжымдар, балалар мен ересектер арасында домбыра күніне арналған шаралар ұйымдастырылды. Облыстың әр ауданында, ауылдық мәдениет үйлерінде, кітапханаларда, саябақтар мен гүлзарларда домбыраның күмбірі естілді.

«Қазақтың төл мәдениеті мен өнерін домбырасыз елестету мүмкін емес, осы күнге дейін орындалып келе жатқан күйлерде халқымыздың бүкіл тарихы көрініс тапқан. Жыл сайын халқымыздың рухы мен мінезін бейнелейтін осы аспапты танымал ететін жас домбырашылар, әртістер көбейіп келе жатқаны қуантады. Баршаңызды Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын және әр отбасыға шығармашылық, табыс және амандық тілеймін», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің Instagram парақшасында.

Алтай ауданының Октябрьский кентінде "Домбыраның ұлы мұрасы" тақырыбында танымдық бағдарлама өткізілді.

Сонымен қатар іс - шара қатысушыларының назарына домбыраның көпғасырлық тарихын ашатын және халқымыздың белгілі күйшілерімен таныстыратын "Домбыра-халықтың жаны" кітап көрмесі ұсынылды. Балалар қазақ халық аспабы - домбыра туралы көптеген жаңа, қызықты фактілерді білді.

Ал Глубокое ауданының өнерлі оқушыларының арасында "Үкілі домбыра" фестивалі өтті.

Өскемен этнографиялық саябағында облыстағы өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ мұнда атақты виртуоздардың қатысуымен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары