$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Үйді цементсіз салған»: Ұлытау облысында мердігер ұйымға 1,2 млн теңге айыппұл салды

Үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында көпқабатты үйді цемент қолданбай салған мердігерге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жаңаарқа кентінде жаңа құрылыс салынды. Алайда құрылысшылардың цементті үнемдейтініне жергілікті тұрғындар бірінші болып назар аударды. Осы туралы әлеуметтік желілерде видео тараған болатын.

Осыдан кейін құрылыс жұмыстарының сапасын комиссия тексерді. Комиссия нысанда бірқатар қателіктерді анықтады.

«Қателіктер анықталды. Олар үш қатарды цементсіз салған. Бұл үшін біз мердігер ұйымға 400 АЕК (шамамен 1,2 миллион теңге) айыппұл салып, хаттама толтырдық. Сондай-ақ техникалық бақылауға 60 АЕК көлемінде айыппұл салдық. Сол сияқты біз оның аттестатын алты айға тоқтаттық», - деді Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Қамзин.

Жаңаарқа ауданының құрылыс бөлімінің басшысы да тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Үй «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған. Енді комиссия осы мердігер тапсырған 17 көпқабатты үйдің сапасын тексеретін болады.

Серіктес жаңалықтары