Қандастар мен қоныс аударушылар Қазақстанның қай өңірлеріне орналасады

Azattyq Rýhy

Қоныстану аймақтарына жаңа құрылған облыстар кірді

Қандастар мен қоныс аударушылар Қазақстанның қай өңірлеріне орналасады
Фото: tengrinews.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Қазақстан Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы №83 «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы жобаны қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.

Аталған қаулы жобасын қабылдаудағы мақсат қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін жаңа Абай және Ұлытау облыстарын өңірлер тізіміне қосу екені хабарланды.

Сонымен, Абай облысы қандастар қоныстанатын аймақтардың қатарына қосылды:

Ақмола облысы;
Атырау облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Абай облысы.

Ал Абай және Ұлытау облыстары көшіп келушілерді қоныстандыру аймақтарының қатарына қосылды:

Шығыс Қазақстан облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы;
Қарағанды ​​облысы;
Ақмола облысы;
Абай облысы;
Ұлытау облысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.