$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды

Ол балалар үйінде тұрғысы келмегендіктен қашып кеткенін айтты

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды
фото: Polisia.kz

Өскеменде балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 маусымда Өскемен қалалық ПБ Жедел басқару орталығының “102” жедел арнасына тәрбие мекемесінің қызметкері хабарласып, кәмелетке толмаған баланың жоғалғанын айтқан. Оның айтуынша, бойжеткен балалар үйінің ғимаратынан шығып, қайта оралмаған. Өскемен полициясының жеке құрамы дереу іздеу жұмыстарына кірісіп, жоғалған қызды таныстарының үйінен тапты.

«Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іс-қимылдары арқасында облыс орталығындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі, медициналық колледждің 16 жастағы студенті аман-есен табылды.  Жасөспірім өз әрекетін балаларға арналған баспанада өмір сүргісі келмейтіндіктен жасадым деп түсіндірді», -делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#адам жоғалу