$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаржы министрі Үкіметтің не себепті шетелден қарыз алып отырғанын түсіндірді

Мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрады

Қаржы министрі Үкіметтің не себепті шетелден қарыз алып отырғанын түсіндірді
Фото ашық дереккөзден

Мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрады және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталуда. Бұл халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауларымен де расталуда. Дегенмен мемлекеттік борышты басқаруды одан әрі жетілдіру үшін келесідей шаралар қабылданады: бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады, бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Көлеңкелі экономикамен күресті белсеңдету, әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салықтық түсімдердің біртіндеп ұлғаюы күтілуде. Қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі  барынша пайдаланылады», - деді министр.

Оның айтуынша заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақытылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданды.

Сонымен қатар Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт сомасының өсуі әлеуметтік міндет, дағдарысқа қарсы шараларды, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру және пандемия жағдайында экономикадағы іскерлік белсенділікті қолдау қажеттілігімен байланысты екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары