$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Конституцияны өзгерту жөнінде Президенттен 27 ұсыныс түсті – Қайрат Мәми

Конституциялық кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады

Конституцияны өзгерту жөнінде Президенттен 27 ұсыныс түсті – Қайрат Мәми
Фото: elbasylibrary

Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Конституциялық кеңеске 200-ден астам өтініш түскенін, оның ішінде Мемлекет басшысынан 27 ұсыныс болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды. Қайрат Мәми Мемлекет басшысының алдағы мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін Конституциялық реформа қажет болғанын айтты.

«Айдың басында өткен республикалық референдум нәтижесінде мақұлданған Конституциялық түзетулер қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың құқықтық негіздерін қалады. Алдымызда тұрған басым міндет – жаңартылған Конституцияның мәнін терең ұғыну әрі бүкіл заңнаманы соған сәйкестендіру. Конституцияда қаралған айрықша өкілеттіліктеріне байланысты кеңес негізгі заңның нормаларына ресми түсініктеме бере отырып, заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық кеңеске 200-ден астам өтініш түсті, оның ішінде Мемлекет басшысынан – 27, Парламент палаталары Төрғаларынан және депуттатардан – 77, Премьер-министрден – 27, соттардан 71 ұсыныс келіп түсті. Кеңес 140-тан астам нормативтік қаулы қабылдады. 30-дан астам заң мен халықаралық шарт жалпы не ішінара конституциялық емес деп танылды. Қоғамда резонанс тудырған бірқатар заң бойынша түсініктеме берілді», - деді Конституциялық Кеңестің төрағасы.

Оның сөзінше, адам құқықтар жөніндегі уәкіл туралы заң жобасы талқыланған уақытта Кеңес омбудсменге маңызды өкілеттің бірі ретінде Конституция сотқа өтініш жасау құқығын қарастыру туралы ұсыныс айтты.

«Жаңа конституциялық өзгерістер елімізде адам құқығы мен бостандығын тиімді қорғау жүйесін дамытпақ. Осының негізінде конституция сот туралы конституциялық заңның жобасы дайындалуда», - дейді Қайрат Мәми.

Серіктес жаңалықтары