$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде танысына сенген әйел қомақты қаражатынан айырылып қалды

«Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Семейде танысына сенген әйел қомақты қаражатынан айырылып қалды
Фото ашық дереккөзден

Семейлік алаяқ 59 жастағы әйелді алдап, қомақты қаражатын алып кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жылдың 21 мамырында Семей қаласы ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 59 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 2018 жылдың шілдесінде оның танысы қала банктерінің бірінде 680 000 теңгеге жуық қаражатын алдап алғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй өз несиесін жабу үшін ақшаны сұрап алған.

«Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жауап алу кезінде мойындалған 42 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген ШҚО ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Семей #алаяқтық