Шымкентте алғаш рет Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Azattyq Rýhy

Өңірде алғаш рет жасалған күрделі ота алты сағатқа созылды

Шымкентте алғаш рет Арнольдо Киари синдромына шалдыққан науқасқа ота жасалды
фото: kz.otyrar.kz

Арнольдо Киари өте сирек кездесетін ауру. Дәл осы синдром түріне шалдыққан науқасқа шымкенттік дәрігерлер алғаш рет күрделі операция жасады, деп хабарлайды Оtyrar.kz

 Ота кезінде хирургтар науқастың миындағы ауытқуды хирургиялық жолмен емдеп, ақыл есінің жұмыс істеу қабілетін жақсартып берді.

Операция үстелінде жатқан науқас баланың жасы он бесте. Дәрігерлер пациентке сирек кездесетін “Арнольдо Киари” диагнозын қойған. Мамандардың сөзінше, бұл синдромның асқынуы науқасты шизофренияға, тіптен мүгедікттікке әкелуі мүмкін. Дерттің жалғыз емі, уақтылы жасалған операция ғана.

«Операцияның көлемі басының арт жағынан шүйде аймағының шүйде сүйегі дөңгелетіп кесіп алынады. Бірінші мойын омыртқасы алынады. Мидың өзінің қатты қабаты бар. Біздің мақсатымыз мишықты бос жатқызу», - дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер нейрохирургы Самат Көкшібаев.

Шымкентте мұндай ота түрі бұрын-соңды жасалмаған. Бұған дейін науқастар Нұр-Сұлтан қаласындағы емдеу орталығына жіберілетін. Қалада алғаш рет қолға алынған операцияны жергілікті дәрігерлер өздері жасап шықты. Миға жасалатын операцияға нейрохирругиялық бірнеше аппарат қатар қолданылды.

«Нейромониторинг, микрохирругиялық және КТ аппаратын қолдана отырып, нейрохирругиялық оталар жасалуда. Бұл апараттарды меңгеру үшін мамандар арнайы оқытудан өтіп, білікітілігін арттырады. Алдағы уақытта тағы да күрделі оталарды меңгереміз деген жоспардамыз», - деді Шымкент қалалалық клиникалық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Болат Нұсқабаев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.