$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады
Фото: Борт N1 Telegram-арнасы

26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Борт N1 Telegram-арнасы хабарлады.

«Екі мемлекеттің басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ», - делінген хабарламада.

Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Серіктес жаңалықтары