$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Солтүстік Қазақстанда желшешек жұқтырғандар көбейді

Індет әсіресе, балалар арасында көп таралып жатыр

Солтүстік Қазақстанда желшешек жұқтырғандар көбейді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында желшешек жұқтырғандар көбейді. Өңірде жыл басынан бері 700-ден астам адам аталған ауруға шалдыққан. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі жарым есе көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Желшешек әсіресе, балалар арасында көп таралып жатыр. Жалпы көрсеткіштің 635-і мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне тиесілі. Ал өткен жылдың 4 айында 266 жағдай тіркелген. Мамандар аурудың тез таралуын пандемияның аяқталуымен түсіндіреді. Себебі әр топта шектеу шаралары кезіндегідей 10 баладан емес, 20 баладан қабылданады.  

«Желшешек-бұл вирус тудыратын, ауа тамшы жолымен жұғатын, қызба, орташа интоксикация және кең таралған везикулярлық бөртпемен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Тәуекел тобына білім беру мекемелеріне баратын мектеп жасына дейінгі балалар, негізгі және қосымша білім беру мұғалімдері, жаттықтырушылар, бұрын желшешекпен ауырмаған жүкті әйелдер, педиатр дәрігерлер кіреді. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін. Желшешекпен ауырған адамдарда осы инфекцияға өмірлік иммунитет қалыптасады. Сондықтан аурудың қайталануы өте сирек кездеседі», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Айнаш Сағындықова.

Аталған жұқпа 14 жасқа дейінгі балалар арасында тез таралады. Және жеткіншектер ауруды ересектерге қарағанда әлдеқайда жеңіл өткереді. Дегенмен желшешектің көбейуіне байланысты мектептерде жекелеген сыныптар немесе балабақша топтары карантинге жабылған жоқ. Эпидемиолог мамандар инфекцияның таралуының алдын-алу мақсатында ауруға шалдыққан адамдарға үйде оқшаулануы керек екенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары