Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айының соңында іске қосылады

Azattyq Rýhy

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады

 

Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айының соңында іске қосылады
Фото: inform.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

- сыйақы мөлшерлемесі: 4%;

- несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;

- қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;

- бастапқы жарна: 0 % бастап;

- көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.

«Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс», - делінген ведомство мәліметінде.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.