$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда лицензияланбаған қызмет түрін көрсетіп келген компания анықталды

«Crezu.kz» ЖШС тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қарыз іріктеу қызметін жүзеге асырып келген

 

Қазақстанда лицензияланбаған қызмет түрін көрсетіп келген компания анықталды
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензияланбаған қызмет белгілері бар компанияны анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ведомство мәліметінше, crezu.kz интернет-ресурсының ақпаратына сәйкес «Crezu.kz» ЖШС кез келген мақсатқа, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қарыз іріктеу қызметін жүзеге асырып келген. Борышты өтеудің ең аз мерзімі – 3 ай, ең көбі – 12 ай. Ең жоғары жылдық пайыздық мөлшерлеме 36% болған. Пайыздық мөлшерлемелер кредитордан кредиторға өзгеріп отырған, ұсынылған пайыздық мөлшерлеме мән-жайлар мен кредит тарихына байланысты болған.

«Мәселен, 2022 жылғы наурызда «Crezu.kz» ЖШС интернет-ресурсында 60 айлық мерзімге 1 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға арналған өтінім мақұлданған. Одан әрі, компания менеджерінің талап етуі бойынша, клиент қайсыбір Кazeuromobile LLP компаниясының пайдасына қарызды ресімдеу жөніндегі қосымша қызметтер үшін 80 300 мың теңге аударған. Бұл қаражатты алғаннан кейін «Crezu.kz» ЖШС клиентке WhatsApp-пен мобильдік телефон нөміріне қарыз шартын жіберген. Алайда клиент қарызды сол күйі алмаған», - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз хабарламасында.

Жүргізілген құжаттамалық тексеру «Crezu.kz» ЖШС-нің «Қазақстан Республикасы қаржы нарығы қоғамының» №2.0.013/089 лицензиясы бар екенін көрсетті. Қарыз шарты «Сrezu.kz микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің мөрімен бекітілген.

«Crezu.kz» ЖШС Агенттіктің есептік тіркеуінен өтпегенін және Агенттіктің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған ұйымдар тізімінде жоқ екенін атап өтеміз», - делінген агенттік хабарламасында.

Осылайша, осы ЖШС-нің қызметінде лицензияланбаған қызмет белгілері анықталды: компания Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензиясы немесе рұқсаты жоқ дербес және (немесе) делдалдарды тарта отырып,  қаржылық қызметтер ұсынған және оларға қатысты Агенттікке азаматтардың шағымдары келіп түскен. Агенттік тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жіберді. Сайтқа қатысты crezu.kz интернет-ресурсына қолжетімділікті тоқтата тұру үшін шаралар қабылданды.

Агенттік Қазақстан азаматтарын «Crezu.kz» ЖШС-мен осы компанияның шоттарына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру бойынша шарттық қатынастар орнатудың қауіпті екені туралы хабардар етеді.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша төмендегі жедел желі телефоны бойынша: +7 (727) 237 1000, жұмыс кестесі: дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін хабарласуға болады.

Серіктес жаңалықтары