$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылорда облысында жыл басынан бері өзгенің атынан несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталды

Алаяқтар смартфон арқылы өзге біреудің банк қосымшасына кірген

Қызылорда облысында жыл басынан бері өзгенің атынан несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жыл басынан бері өзге адамның телефонындағы банк қосымшасынан онлайн несие рәсімдеген 64 алаяқ ұсталды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметтеріне қарағанда, алаяқтар бөтен біреудің жеке деректерін телефон арқылы біліп алады, содан соң олардың атына несие рәсімдейді.

«Алаяқтар смартфон арқылы өзге біреудің банк қосымшасына кіреді. Олардың арасында тіпті электронды цифрлы қолтаңбаны бұза алатындары кездеседі. Биылғы жылдың 3 айында облыс бойынша 64 азамат осындай алаяққа алданған», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметіне қарағанда, осындай оқиғаның бірі Жалағаш ауданында тіркелді. Онда жергілікті тұрғын танысының ұялы телефонын сұрап алып, 495 мың теңге онлайн несие рәсімдеген. Бұл әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр.


 

 

Серіктес жаңалықтары