Бұрынғы Еңбек министрі Атырау облысына әкім болып тағайындалды

Azattyq Rýhy

Ол министр лауазымынан босатылды

Бұрынғы Еңбек министрі Атырау облысына әкім болып тағайындалды
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын», – делінген Жарлық мәтінінде.

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген (2000), экономист-математик.

Еңбек жолы: 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы. 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы. 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы.

2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы. 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.

2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.

2009 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.

2014 жылдан - ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі. Атырау облысы әкімінің орынбасары (2018-2020).

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2020-2021).

2021 жылдың қаңтар айынан бері Еңбек және халықөты әлеуметітк қорғау министрі болып қызмет атқарды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.