$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Баламның оң көзіне жасалуы тиіс ота сол көзіне жасалды»: белгілі блогер Алматының дәрігерлерін айыптап отыр

Дәрігердің тағайындау қағазында ота оң көзге жасалуы тиіс делінген

«Баламның оң көзіне жасалуы тиіс ота сол көзіне жасалды»: белгілі блогер Алматының дәрігерлерін айыптап отыр

Блогер Айдын Тоқсанбаева Алматы қаласындағы «Балалар шұғыл медициналық орталығының» дәрігерлерін айыптап, журналистерден көмек сұрады. Айтуынша, мамандар баланың оң көзіне жасалуы тиіс отаны сол көзіне жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше түннен бастап ештеңе жегізбей, ішкізбей отаға дайындап, таңертең дәрігерлер алып кетті. Қазір шыққанда қарасам ұлымның оң көзіне емес, сол көзіне ота жасап әкеліп тұр. Қазір отадан кейін жатырмыз. Мен «неге сол көзіне жасадыңыздар, оң көзі еді ғой» десем, «сіз қателесіп тұрсыз, біз жазып берген қағазды беріңізші» дейді. Қағазда «оң көзге жасалу керек» деп тұр. Дәрігер «наркоз еккен соң оң көзін тексердік, ештеңе болмады. Сол көзінде өскін болды» деп видеоүндеу жариялаған ол парақшасында.

Сондай-ақ, Айдын БАҚ өкілдерінен көмек сұрап отыр. Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық Денсаулық басқармасына сауал жолдадық. Жауаптар қосымша жарияланады.

Серіктес жаңалықтары