$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында заңсыз сақталған қару-жарақ табылды

Полиция басқармасы аталған іске қатысты тергеу басталғанын хабарлады

Алматы облысында заңсыз сақталған қару-жарақ табылды
Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оны желілік полиция басқармасының қызметкерлері Шамалған темір жол стансасы жанындағы қараусыз қалған ғимараттан анықтаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 12 калибрлі «Форд 500» маркалы тегіс ұңғымалы мылтық пен 60 патрон табылды. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер көрпеге оралып, қоқыс және құммен жабылған. Полиция басқармасы аталған іске қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы қару мен оқ-дәрілерді сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қару мен оқ дәрілерді заңсыз сақтау ісіне қатысты деген тұлғалар анықталуда. Табылған заттар сараптамаға жіберілді»,– деді «Алматы-1» стансасы желілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Жарас Әбдіқайымов.

 

Серіктес жаңалықтары