Теміртауда зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті анықталды
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде
Теміртауда зейнеткерге шабуыл жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
29 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне, осы ауданға қарасты көпқабатты үйлердің бірінде ашық тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден сол маңда қызмет өткеріп жүрген патрульдік полиция батальонының жасағы жіберілді. Жәбірленушінің 70 жастағы зейнеткер екені белгілі болды. Ол полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу көршімін деп есік қағып, ішке кіріп, оны қорқытып, 50 мың теңгесін тартып әкеткенін түсіндірді.
Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде, “ізін суытпай” 41 жастағы күдікті анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.