$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қазақша сөйлеп жүрген адамдар түсіме кіреді»: Германияға көшіп кеткен неміс Қазақстанды сағынышпен еске алды

73 жастағы қарияның ата-анасы Волга бойынан жер аударған немістер 

«Қазақша сөйлеп жүрген адамдар түсіме кіреді»: Германияға көшіп кеткен неміс Қазақстанды сағынышпен еске алды
Фото: blog.kazdata.kz

Қазақстанда туып, бүгінгі таңда тарихи отанында тұратын 73 жастағы ұлты неміс қария- Дмитрий Гессе қазақ әндерін тыңдап көз жасына ерік беретінін айтып, туған жерге деген сағынышымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Біз, Қазақстан немістері, қиын-қыстау заманда біздерді аман алып қалған қазақ халқына шын жүректен алғыс айтамыз! Менің ата-анам Волга бойынан Қазақстанға жер аударғанда қазақтар оларды бауырларына басып, соңғы нан тілімі мен құрт-майларымен бөліскен. Қазір мен 73 жастамын, Қазақстанда туғаныммен Германияның Берлин қаласында өмір сүріп жатырмын. Алматының апорты, қазақ тілі күніге түсіме кіреді, әсіресе қазақ әндерін сүйіп тыңдаймын. Германияға тек балаларым үшін кеттім, күн сайын қазақ әндерін тыңдап, қосылып айтып, жылап аламын. Туған жерім мен сүйікті Қазақстанымды қатты сағындым»,-деп неміс қызы берген сұхбаттың астына пікір қалдырған. 

Қарияның сағынышқа толы жазбасының астына немістер мен қазақстандықтар сағынышқа, алғысқа толы жылы лебіздерін жазған. 

«Біз Қазақстаннан жағдайымыз жаман болған соң емес, тарихи отанымызды, ата-бабамыздың туған жерін көріп, мәдениетін білсек деген қызығушылықпен кеттік. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін туған жеріңді қатты сағынады екенсің. Германияда дүниеге келген балалар бұл сағынышты түсіне бермейді. Шынын айтсам, екі ел арасында бірдей өмір сүргім келеді»,-деп жазды Татьяна Бассальгия.

Серіктес жаңалықтары