$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Бұрынғы бас директор соттың санкциясымен қамауға алынды

«20 млрд теңге жымқырған»: «Оператор РОП»-тың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден

«Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы бас директорына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған болатын.

Тергеу жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары