$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде бизнес санатты үйлердің бағасы қымбаттайды

Былтыр бір жылдың өзінде жылжымайтын мүлік бағасы 20 процентке өскен

Елімізде бизнес санатты үйлердің бағасы қымбаттайды
Фото ашық дереккөзден

Елімізде бизнес санатты үйлердің бағасы өседі. Өйткені онсыз да қымбат бұл үйлерді салатын құрылыс материалдарының 70 проценті шетелден жеткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сол себепті доллардың құны көтерілгенде, пәтер бағасы да шарықтап шыға келді. Тіпті, кейбір құрылыс компаниялары артын күтіп үй сатуды әзірге тоқтатты. Елімізде соңғы 10 жылда тұрғын үй бағасы шарықтап кетті. Былтыр бір жылдың өзінде жылжымайтын мүліктің бағасы 20 процентке өсті. Бұл – ресми статистика. Ал қазіргі жағдай тіпті түсініксіз. Құрылыс материалдарының басым бөлігі шетелден жеткізілетінін ескерсек, онсыз да қолжетімсіз баспана одан сайын қымбаттауы мүмкін. Сарапшылар осындай болжам жасауда.

 «Сұраныс үлкен, ұсыныс аз, баға өсіп кете береді. Біздің халық қайраң қалады, Түркиямен бірдей деп. Климаттық жағдайға қарасақ, Түркияның жағдайы қалай, біздің жағдай қалай. Өткен 30 жылда осы мәселе шешілмеді», - деді экономист Сапарбай Жұбаев.
 

Серіктес жаңалықтары