$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Антикор полициядан қашқан қызметкерінің тергеу ісіне қатысты түсінік берді

Қазіргі уақытта заң бұзған қызметкер ауруханада жатыр

Антикор полициядан қашқан қызметкерінің тергеу ісіне қатысты түсінік берді
Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз қызметкерінің заңсыз іс-әрекеттері фактісі бойынша қызметтік тергеу барысы жайлы түсінік берді. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығына сәйкес, Агенттіктің жеке қауіпсіздік департаменті Қарағанды облысы СЖҚА Жезқазған өңірі бойынша Ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының аға офицері Д.Т. Кудикеновтің заңсыз іс-әрекеттері бойынша қызметтік тергеу жүргізуде.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігі (мас күйінде ЖКО жасау), 611-бабы 2-бөлігі (ЖКО орнын қалдыру) және 613-бабы 1-бөлігі (көлік құралын тоқтату бойынша полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау) бойынша Д.Т. Кудикеновке қатысты әкімшілік материалдар қарастырылуда. 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Д.Т. Кудикенов «Пневмония» диагнозымен ауруханада жатыр. Осыған байланысты, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабы 4-тармағына сәйкес Д.Т. Кудикеновке қатысты қызметтік тергеу тоқтатылды. Ол жұмысқа шыққаннан кейін қызметтік тергеу қайта басталып, Д.Т. Кудикеновке қатысты тиісті шешім қабылданады», - делінген ведомство хабарламасында.


 

 

Серіктес жаңалықтары