$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан – Тоқаев

Президент СҚО өз территориясы деп атайтын ресейлік саясаткерлерге қатысты пікір білдірді 

Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан – Тоқаев
Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО «біздің территория» деп даулап жүрген кей ресейлік саясаткерлердің әрекеттеріне қатысты пікір білдірді. Президенттің сөзінше, Ресейдің ресми билігінің өзі аталған уәжді қолдаған емес. Бұл туралы ол Ұлттық арнаға берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кейбір ресейлік саясаткерлер тарапынан «Қазақстанның солтүстік облыстарындағы жерлер біздікі» деген сөздер айтылды. Бірден кесіп айтайын. Бұл – ақылға сыймайтын, орынсыз пікір. Ресми билік, яғни Кремль, әрине, бұл уәжді қолдамайды. Екі елдің басшылығы арасында жер мәселесіне қатысты ешқашан дау туындаған емес. Маған В.Путиннің өзі «жерге қатысты ешқашан мәселе көтермейміз» деп айтқан. Сондықтан алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Шекарамыз толық айқындалған, бекітілген. Бұл ақиқатты бүкіл әлем мойындайды. Екі елдің арасындағы байланыстарға сызат түспеген. Ресей Президенті осындай қағидаттарға адалдығын, беріктігін көрсетті», - деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар екенін атап өтті. 

«Қазақстан мен Ресей арасында мәңгі тату көршілік туралы келісім бар. Ресей – ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан құдайы көршіміздің бірі. Қазақтың тағдырына осылай жазылған. Мұны біз өзгерте алмаймыз. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды нығайта беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді»,- деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Серіктес жаңалықтары