ҰҚК Қызылордада есірткі өсірген үш адамды ұстады
Заңсыз айналымнан 6 кг гашиш пен 52 кг марихуана шығарылды
2022 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда қаласы есірткі құралдарын өсіруге және сақтауға қатысы бар Қазақстан Республикасының үш азаматының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Процессуалдық іс-шаралар барысында «гидропоника» әдісімен өсірілген 24 түп апиын көкнәрі, 2 түп сора және 2 кг кептірілген марихуана алынды.
«2022 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысында өңірлік есірткі тобының өкілдері ұсталды, олардың екеуі – Саран қаласының тұрғыны.
Топтың есірткі заттарын Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен тасымалдап, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Саран қалаларында өткізгені анықталды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 6 кг гашиш пен 52 кг марихуананың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеу материалдары ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.