Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Azattyq Rýhy

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады 

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылғы наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қазақстандықтар үш күн демалады – 6, 7 және 8 наурыз.

Биыл 8 наурыз сейсенбіге түсетіндіктен, 5 наурыз жұмыс күні, ал дүйсенбі, 7 наурыз демалыс күні болады.

Биыл Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді, 19 және 20 наурыз сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келіп тұр. Осылайша Наурызда қазақстандықтар бірден бес күн – 19, 20, 21, 22 және 23 наурызда демалады.

Еске сала кетейік, үкімет демалыс күндерін 2022 жылдың 5 наурызындағы сенбіден 2022 жылдың 7 наурызындағы дүйсенбіге; 2022 жылдың 27 тамызындағы сенбіден 2022 жылдың 29 тамызындағы дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы қабылдады.

Ұлттық және мемлекеттік мереке күндері елімізде ресми түрде демалыс күні жарияланады. Егер мереке және демалыс бір күнге сәйкес келсе, демалыс күні мерекеден кейінгі жұмыс күні болып есептеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.