Несиесін төлей алмағандарға қатысты жаңа заң қабылданады
Бұл Заң жобасында жеке азаматтардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған
Кредитті төлей алмағандарға қатысты жаңа заң шықпақ. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкімет басшысы 4-ші ақпанға дейін аталған құжатты қолға алуды тапсырды. Жаңа заң банкке несиесін төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген азаматтарды жалғыз баспанасынан айырмауды көздейді. Бұл Заң жобасында жеке азаматтардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған. Премьер-министр жобаны талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды талап етті.
«Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған», - деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.