$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экология вице-министрі мен РОП басшысы екі айға қамауға алынды

Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бері вице-министр қызметін атқарды

Экология вице-министрі мен РОП басшысы екі айға қамауға алынды

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды. Шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды, деп хабарлайды жа тілшісі.

Сот отырысы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өтті. Күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қалалық соттың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бері вице-министр қызметін атқарды. Ол өз қызметінде қалдықтарды өңдеу туралы мәселелерді қарастырған. Құмарғалиев 2019 жылдың қарашасында «Оператор РОП» жеке компаниясының басқарма төрағасы болды.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының наразылығын тудырған аталған компанияның жұмысына шектеу қойған болатын.

Бұған дейін Құмарғалиевтің қарамағындағы қызметкерлердің бір – Руслан Шәмшиевтің қайтыс болғаны туралы да хабарланған болатын. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Шәмшиев 2021 жылдан бері «Оператор РОП» құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Серіктес жаңалықтары