$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы қолға түсті

Әлеуметтік желідегі бұл жазбаны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі растап отыр

Экология вице-министрі мен «Оператор РОП» басшысы қолға түсті

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.

«ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Кейбір деректер бойынша, Құмарғалиев елден қашуға тырысқан.

Бірақ Антикордың мәліметінше, қазір екеуі де Нұр-Сұлтан қаласындағы уақытша қамау изоляторына жабылған.

Серіктес жаңалықтары