$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейде іздеуде жүрген азамат 18 жылдан соң Павлодардан табылды

Ол 2003 жылы оған қылмыстық іс қозғалған

Ресейде іздеуде жүрген азамат 18 жылдан соң Павлодардан табылды
Фото ашық дереккөзден

Ресейде қылмыстық іске қатысы бар азамат 18 жылдан соң Павлодарда қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасының 59 жастағы азаматы 2003 жылдың шілде айында Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деп күдіктелуде. 

«Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан "ешқайда кетпеу туралы қолхат" алынды. Алайда, сол кездегі 40 жастағы ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Бүгінге дейін іздестіріліп жүрген қылмыскер Павлодар қаласында тұрып келген», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамның мемлекетаралық іздеуде екендігін туралы жедел уәкілдер Ресей Федерациясының әріптестерінен білді. Айта кету керек, полиция қызметкерлері тұрақты негізде қылмыстық іске қатысы бар қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Павлодарлық жедел уәкілдер 103 қылмыстық қылмыскерді іздестірді, хабар-ошарсыз кеткен 88 азаматтың мекенжайы анықталды. Биыл жедел уәкілдер 2 қылмыстық қылмыскерді ұстады және хабар-ошарсыз кеткен 3 адамның орналасқан жерін анықтады.

Серіктес жаңалықтары