Кәсіпкерлер билік органдарынан бизнесті қорғауды сұрайды

Azattyq Rýhy

ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды

Фото ашық дереккөзден

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы билік органдарын бизнесті тәртіпсіздіктен қорғауға шақырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жаппай тәртіпсіздік салдарынан бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгініп жатыр. Ұлттық палата қазірдің өзінде зиян келтірген жағдайларды тіркеді. Банктерге, мейрамханаларға, дүкендерге шабуыл жасау фактілері бар.

Бірқатар өңірде енгізілген төтенше жағдай шеңберінде «Атамекен» жергілікті билік пен құқық қорғау органдарын кәсіпкерлердің мүлкін тонау мен тәртіпсіздіктерден қорғауға шақырады», - делінген «Атамекен» хабарламасында.

Сонымен қатар, ҰКП зардап шеккен кәсіпкерлерден палатаға жүгініп, келтірілген зиянның көлемін фото және видеоға түсіруді сұрайды.

Палатада жедел желі жұмыс істейді.

  • Байланыс: 1432 (тегін желі) 8 8000808010, Whatsаpp: 8 778 870 1432
  • Алматы: 8 7273 310 133
  • Алматы облысы: 8 7282 401999
  • Маңғыстау облысы: 8 7292 304040

«Ұлттық палата Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс режимі бойынша Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарының комендатураларынан ресми ақпарат күтеді», - деп жазды «Атамекен» ҰКП

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.