$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жем-шөпке бөлінген 700 млн теңге игерілмей қалған

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді

Жем-шөпке бөлінген 700 млн теңге игерілмей қалған

Мал азығын арзандатуға бөлінген 1 миллиард 900 миллион теңгенің 700 миллионы игерілмей қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасай отырып.

Қазір бұл қаржы Үкімет резервіне қайтарылған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қаржының жұмсалмай қалуына мал басының мемлекеттік базада тіркелмеуі себеп болды. Мұның үстіне заң бойынша субсидия тек аналық бас үшін ғана беріледі. Қазір министрлік бұқа үшін де субсидия беру мәселесін талқылап жатыр.

«Жазда бөлінген ретте Маңғыстау облысында 429 мың бас аналық мал бар деп болжанған еді. Ақша бөлінгеннен кейін ол аналық малдың басы азырақ болды. Көп мал жүйеге тіркелмеген. Сатылып кеткен мал тіркеуден алынбаған. Маңғыстау облысының әкімшілігімен тығыз жұмыс жасап жатырмыз», - деді, ҚР Ауыл шаруашылығы министр Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары