Головкин орта салмақтың патшасы атанды

Azattyq Rýhy

Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар

Головкин орта салмақтың патшасы атанды

Givemesport.com сайты барлық салмақ дәрежесі бойынша қазіргі аты әйгілі боксшыларға арналған материал шығарды, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Сайт материалында орта салмақ дәрежесінің гегемоны болып IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) танылды.

«Орта салмақтағы дивизионның өз көшбасшысы бар, ол –  Геннадий Головкин. Бокс жанкүйерлерінің тынысын тарылтып «Канеломен» үшінші жекпе-жегін күтіп жүргенде, GGG орта салмақтағы көшбасшылықты қарсыластарына тигізген темір жұдырығымен иеленіп отыр. Геннадийдің түйіндемесінде тек бір жеңіліс бар, бірақ заманауи спорт тұлғалары туралы айтар болсақ, орта салмақтағы қазақстандық боксшы – бүгінгі күннің бас кейіпкері», - делінген мақалада.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.