29.10.2021, 09:02
Жаңалықтар
Қазақстанда 28 адам COVID-19 бен пневмониядан қайтыс болды
Соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1697 адам жұқтырды
Фото ашық дереккөзден
COVID-19 инфекциясынан және коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болу жағдайлары туралы мәлімет жаңартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 27 қазанда COVID-19 (КВИ+) расталған 25 адам және коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониядан үш науқас қайтыс болды.
29 қазанда COVID-19-дан 48 742 адам (42 907 КВИ+ және 5 835 КВИ–) емделіп жатыр.
Оның ішінде:
- Стационарларда – 8435 пациент;
- амбулаториялық деңгейде – 40 307 пациент.
КВИ+ және КВИ- ауырғандардың ішінде:
- ауыр халде – 587 пациент;
- аса ауыр дәрежедегі жағдайда – 154 пациент;
- ӨЖЖ аппаратында-107 пациент.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 1697 адам жұқтырған болса, 2141 науқастың емделіп шыққаны белгілі болды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады