$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2021, 09:34
Жаңалықтар

Жамбыл облысында жол сапасына жауапты 190 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Республикалық маңызы бар жолдарда 762 кемшілік анықталды

Жамбыл облысында жол сапасына жауапты 190 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жамбыл полицейлері автокөлік жолдарын күтіп ұстамаған 190 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін Жамбыл облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясының қызметкерлері мүдделі қызметтермен бірлесіп автомобиль жолдарына кешенді күзгі тексеру жүргізеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы ПД ӘПБ қызметкерлері осы жылдың 7-20 қазан аралығында «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы», «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ Жамбыл облыстық филиалы және «Қазақавтодор» ЖШС Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағын қамтитын облыстық (1941,93 шқ) және республикалық (1196 шқ) маңызы бар автомобиль жолдары кешенді тексерілді.

«Тексеру барысында облыстық маңызы бар жолдарда 639 кемшілік, республикалық маңызы бар жолдарда 762 кемшілік анықталды. Олардың басым бөлігі – жол белгілерінің болмауы және стандарт талаптарына сәйкес келмеуі, асфальтбетон жабынының бұзылулары, шұңқырлар. Күзгі кешенді тексеріс қорытындысы бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына анықталған кемшіліктерді жою бойынша 37 жазбаша нұсқама, ал «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалына 12 нұсқама берілді», – деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Жайдарбек Құттыбаев мәлімдеді.

Облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз күтіп-ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін аталған жолдарға жауапты мердігер ұйымдардың 12 лауазымды тұлғасы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл тоғыз айда жалпы облыс бойынша жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны үшін 190 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары