$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2021, 13:24
Жаңалықтар

Тоқаев Алматыда оққа ұшқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

Алматыдағы атыс салдарынан 5 адам қаза тапты, бұл оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалды

Тоқаев Алматыда оққа ұшқан полицейлер мен сот орындаушысын марапаттады

Мемлекет басшысының жарлығымен Алматыда оқ атудан қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушысы марапатталды.

Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) - Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

«Ерлігі үшін» медалімен:

Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) - Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы.

Еске салайық, 20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты. Қайғылы оқиға салдарынан қайтыс болған бесінші адамның жаңа үй қожайынының танысы екені анықталды. Игорь Дужнов қазір қамауда отыр. 

Алматыдағы атыс бойынша «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне шабуыл жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Белгілі болғандай, оның атына қару 2008 жылы тіркелген, күдікті психиатриялық диспансерде есепте болмаған.

Серіктес жаңалықтары