Алматыда бір күнде 14 нысан карантин режимін сақтамаған
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды
Алматыда бір күнде карантин талаптарын бұзған 14 нысан анықталды, деп хабарлайды Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынады. 19 қыркүйекте Наурызбай аданындағы «Baqsarai» мейрамханасы мен «Amelie» кафесі тыйым салынғанына қарамастан банкет өткізген. Дәл осы күні тексерушілер Алмалы ауданының «Медальон» мейрамханасы мен RST стом стоматологиясы қызметкерлерінің маска режимін бұзғанын анықтады. Барлық материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.
Түнде мониторинг топ өкілдері Әуезов ауданындағы «Айнұр» кафесінде және «House pub» барында, Алмалы ауданындағы «Проссеко бар» мейрамханасында жұмыс және маска режимін сақтамай, карантин талаптарын бұзғанын анықтады.
Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин талаптарын орындауға, санитарлық ережелерді сақтауға шақырады.