Шұғыл«Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Жексенбіде еліміздің көп бөлігінде ауа райы қолайсыз болады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктердің болжауынша, 22 желтоқсанда еліміздің барлық өңірінде ауа райы қолайсыз болады, жел күшейіп, қалың қар түседі, солтүстікте боран соғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атлант мұхитынан келген циклон республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтап келеді. Осыған байланысты ауа-райы құбылмалы болады, қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста қатты жел тұрып, екпіні 30 м/с жетеді, тіпті одан да асып кетуі ықтимал», делінген хабарламада.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да күшейеді.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Павлодар, Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 17 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.