$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 12:49
Жаңалықтар

Куликов финалдық кезеңге шыға алмады, Герасименко жарыс жолынан шығып қалды

Тағы екі қазақстандық спортшы үшін Токио Олимпиадасы нәтижесіз аяқталды

Куликов финалдық кезеңге шыға алмады, Герасименко жарыс жолынан шығып қалды
Александр Куликов, фото: olympic.kz

Токио Олимпиадасында слаломды есуден финалға шыққан споршылар анықталды. Өкінішке қарай, қазақстандық Александр Куликов ақтық сынға өте алмады. Жартылай финал қорытындысы бойынша Куликов 12-орын иеленді. Ал финалға өту үшін алғашқы ондыққа ену керек.

Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты аяқтады. Әйелдер арасындағы сында Екатерина Смирнова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада додасынан шығып қалды. Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда, кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды. Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #Токио-2020