26.07.2021, 09:23
Жаңалықтар
Садақ ату: Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста жеңілді
Спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады
фото: olympic.kz
Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада ойындарында командалық сайыста жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бүгін, 26 шілде күні Токио Олимпиадасында отандық садақшылар ерлер арасында командалық сайыс бойынша бақ сынады. Үндістан құрамасына қарсы ойында Қазақстан қарсыластарына 6:2 есебімен есе жіберді.
Командалық бәсекеде ел құрама сапынан жарыс жолына Сандар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Денис Ганкин шықты.
Айта кетерлігі, аталған спортшылар жекелей сайыс бойынша жарысты жалғастырады. Садақ атудан жекелей жарыстың келесі айналымы 27 және 29 шілде күндері өтеді.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр