ШұғылБір тәулікте Қазақстанда 7691 адамнан коронавирус анықталды

Токио-2020: қазақстандық боксшылар қанша медаль алуы мүмкін?

ҚР ерлер құрамасының жаттықтырушысы Олимпиада жеребесінің қорытындысы бойынша пікір білдірді

фото ашық дереккөзден

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпиадасындағы жеребе тастау нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мен біреудің жолы болды, ал екінші тараптың жолы болмады деп айтпас едім. Жалпы, жігіттердің барлығы жеңіске жетуге ниеттеніп, жігерленіп келді. Салмақ санаттары бойынша әрқайсысы бойынша жеке айтуға болады. Жеребе тастау оңай өте салатын рәсім емес. Боксшылардың қарсыластары қатарында мықтылары да баршылық», - деді Ғалымбек Кенжебаев онлайн-брифинг барысында.

Еске салайық, бүгін Токиода өтетін 2020 жылғы Олимпиада ойындарында бокс жарысының жеребесі тасталды. XXXII жазғы Олимпиада ойындары Жапония астанасында 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Бокс бойынша жарыстар «Кокугикан» аренасында болады.