$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.07.2021, 15:22
Жаңалықтар

Атыраудағы модульдік ауруханада наурыз айынан бері 88 нәресте өмірге келген

Модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел мен жаңа туған 7 нәресте жатыр

Атыраудағы модульдік ауруханада наурыз айынан бері 88 нәресте өмірге келген
фото ашық дереккөзден

Атыраудағы модульдік ауруханада 88 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел мен жаңа туған 7 нәресте жатыр.

«Биылғы наурыздан бері ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерден алынған коронавирус инфекциясына қарсы ПТР-тест теріс нәтиже берді. Алайда, жүкті әйелдерде қауіпті вирусты жұқтыру қаупі жоғары екені байқалып отыр. Сондықтан, өмірге сәби әкелуді жоспарлап жүрген немесе жүкті әйелдерге өздерін қауіпті инфекциядан барынша қорғауға шақырамын», - дейді №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан Сиджанов.

Мағжан Сиджановтың айтуынша, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында коронавирус жұқтырған 195 науқас ем қабылдап жатыр.

 

 


 

 

Серіктес жаңалықтары