Сайлау:Ақмола облысында сайлаушылардың 59% дауыс берді

Миллионер Кеңес Рақышев Олимпиадада жүлде алған боксшыларға қаржылай сыйлық тағайындады

Токио олимпиадасы биыл 23 шілдеде жалауын көтереді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Токио олимпиадасынан жүлдемен оралған боксшыларға қомақты сыйақы тағайындады. Бұл туралы Федерацияның ресми сайтында жазылған.

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға мемлекет тарапынан онсыз да қаржылай сыйақы беріледі. Ал, Кеңес Рақышев боксшыларды ынталандыру үшін ақшалай қор қарастыратынын мәлімдеді.

Ендеше, Олимпиада ойындарында бірінші орын алған боксшы мемлекеттен алатын сыйақысынан бөлек тағы 100 мың доллар қаражатқа ие болады. Күміс жүлдегерге – 70 мың доллар, қола жүлдегерге – 50 мың АҚШ доллары беріледі.

Оларды жаттықтырған бапкерлер де сыйақысыз қалмайды. Чемпионды жаттықтырған маман – 25 мың доллар, күміс жүлдегердің бапкері – 15 мың доллар, шәкірті үшінші орын алған бапкер – 10 мың доллар алады.