ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Белгілі ақын, хореограф Дүйсенбек Нақыпов қайтыс болды

Ол Қазақстан хореографтар одағын басқарды

Белгілі ақын, хореограф-либретташы, сценарий жазушы Дүйсенбек Нақыпов қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның жиені Жәнібек Әлімбаев жеткізді.

Дүйсенбек Нақыпов Дүйсенбек Нақыпов 1946 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

1964 жылы Мәскеу академиялық хореографиялық училищесін, 1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

1964-86 жылдары Абай атындағы МАОБТ солисті, 1989-1991 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы «Әлем» шығармашылық бірлестігінің редакторы болған.

Қазақстан хореографтар одағының төрағасы болды. «Вечер века» атты алғашқы жыр жинағы 1995 жылы жарық көрген. «Круг пепла» (2006 ж.) және «Тень ветра» (2009 ж.) атты екі романнан тұратын дилогияның авторы. Сонымен бірге, бірнеше өлеңдер жинағының авторы.