ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінің грантын жеңіп алды

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын талапты жас болашағын компьютерлік ғылым саласымен байланыстырады

 

 

Әлемдегі ең үздік жоғарғы оқу орындарының біріне түсу үшін Сезім Ертанатов тілдік сынақтан жоғары балл жинап, өзі туралы эссе жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын талапты жас болашағын компьютерлік ғылым саласымен байланыстырады. Осы бағытта үнемі ізденіс үстінде жүретін жасөспірім қазірдің өзінде сайт ашып әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істей алады. Қоғамдық шараларға да белсене араласады. Мәселен, осыған дейін жетімдер үйіндегі балаларға ағылшын тілінен сабақ беріпті.

Тамыз айында мұхиттың арғы жағына аттанғалы отырған жас келешекте еліне оралып, тың жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.

«Болашақта осы салада бітіріп шығып, магистратура оқимын деген жоспарым бар. Әрине, технологиялық алып компанияларда жұмыс істеу барлық оқушылардың арманы мақсаты, өзімді сол компаниялардың белсенді қызметкері ретінде елестетемін. Сол жерде уақытша жұмыс істеп, тәжірибе жинап, Қазақстанға келіп, стартап жобаларды жүзеге асырсам деймін», - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Сезім Ертанатов.