$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 12:10
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі биыл әскери парад өтпейтінін мәлімдеді

Ведомство өкілдері парадтың орнына қандай шаралар өтетінін айтқан жоқ

Қорғаныс министрлігі биыл әскери парад өтпейтінін мәлімдеді
фото: vestikavkaza.ru

Биыл Қазақстанда Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) мен Жеңіс күніне (9 мамыр) орай әскери парад өтпейді. Бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2021 жылы Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған әскери шеруді өткізу жоспарланбаған. Бұл ретте гарнизондарда санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деп хабарланды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ведомстводағылар парадтың орнына нақты қандай шаралар өтетінін айтқан жоқ. 

Еске сала кетейік, соңғы жылдары Қазақстанда «Айбалта» стратегиялық командалық-штабтық жаттығуын өткізу дәстүрге айналды. Жаттығу кезінде қазақстандық сарбаздар өзінің күш-қуатын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары