$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2021, 11:23
Жаңалықтар

СҚО полицейлері интернет алаяқтардың студенттерді алдауға кіріскені туралы ескертті

Жыл басынан облыс орталығында 60-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

СҚО полицейлері интернет алаяқтардың студенттерді алдауға кіріскені туралы ескертті
Фото: ашық дереккөзден

СҚО полицейлері интернет-алаяқтардың студенттерді алдауға кіріскені туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтар студенттерді алдауға кіріскен. Бұл туралы петропавлдық полицейлер қала колледждерінің шәкірттерімен өткен кездесуде айтты.

Жыл басынан бері облыс орталығында студенттерге қатысты жасалған төрт интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Барлық жағдайларда жәбірленушілер “OLX” сайты арқылы ұзақ мерзімді жалға арзан бағамен тұрғын үйді іздестірген. Қолайлы ұсынысты кездестірген студенттер көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалған. Пәтер иесі пәтерін жалға алуға ниет білдіріп, кез-келген уақытта көшуге дайын адамдардың баршылық екенін алға тартып, пәтерді тек алдын ала төлем жасағанға ғана жалға беретінін айтқан.

Ұсынысты олжалы көрген студенттер ақшаны көрсетілген шотқа аударған, қаражатты қолға түсірген үй иесі қоңырауларға жауап бермей, жоғалған. Қазіргі уақытта полицейлер қаскөйлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Полицейлер аталған қылмыс түрінің статистикасы екі есеге артқаны туралы атап өтті, жыл басынан облыс орталығында 60-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Бұл 2020 жылмен салыстырғанда, екі есеге көп.

Серіктес жаңалықтары