ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

13 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сенбі күні республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Фото: ашық дереккөзден

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Сонымен қатар жерлерде жауын-шашын, жаңбыр, қар түрінде жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер сондай-ақ, ел аумағында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталатынын атап өтті.  

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде жел күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көқтайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Ақмола, Түркістан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.