18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады
Ауыл шаруашылығы техникасын 2021 жылы қабылдау квотасының мөлшері мақұлданды
ӨКМ операторы 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизауцияға қабылданатынын жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен істен шыққан өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 2021 жылы қабылдау квотасының мөлшері мақұлданды. Осы бағдарламаны іске асыру аясында жыл соңына дейін 2380 бірлік ауылшаруашылық техникасын қабылдау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1900 трактор, 480 комбайн қабылданады»,- деп жазылған хабарламада.
Ауыл шаруашылығы техникалары Қазақстанның 11 облысында қабылданады. 18 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында ескі техникаларды өткізуге болады.